1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен (бұдан әрі-Департамент), Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеріс кестесі негізінде Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бағынысты объектілерінің өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізілді.

Өрттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Департамент бөлімшелерінің қызметкерлерімен 541 білім объектілері тексерілді.

Тексеріс барысында объект аумағының жағдайына, ғимараттар мен құрылыстарға кіре беріс жолдарына, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың жай-күйіне, ғимараттар мен құрылыстардың жарықтандыру электр құрылғылары мен күш беретін электр желілеріне, өрт автоматикасы жүйелерімен жасақталуына, адамдарды эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, ғимараттар мен құрылыстар көлемді-жоспарланған және құрылымдық шешімдеріне, нысанның алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуына ерекше назар аударылды.

Тексеріс барысында жетекшілердің нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарғандығы анықталды. Тексерілген білім беру мекемелерінің ішінде 51 объекті өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған. Өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлер белгіленіп, олармен нұсқамалар жүргізілген. Өрт шыққан жағдайда адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіру жоспарлары жасақталған. Қолданыстағы өрт сөндіру құралдарын тексеруден уақытында өткізіліп, оған жауапты тұлғалар тағайындалған.

Алайда осы атқарылған жұмыстарға қарамастан білім беру нысандарында әлі де болса өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы орын алуда. Тексеріс барысында 490 объектілерде 3403 өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтары анықталды.Тексеріс нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзған және орындамаған үшін 487 тұлға жалпы соммасы 16 миллион тенгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Объект басшыларына тексеріс нәтижелері туралы актілер және жою мерзімдері көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымдамалар берілді.

Тексеріс барысында  6489 адам қамталуымен 541 ңұсқаума жүргізілді.

Нет записей