1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының

2017 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша АҚПАРАТ

 

2017 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында шығын көлемі 80 млн. теңгеден астам құрайтын 497 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен 2016 жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ 16 %-ға көбейген (2016 ж.-429 оқиға). Орын алған өрттерден 13 адам  жарақат алды (2016 жылмен салыстырғанда 6 оқиғаға төмендеген) және 9 адам қаза болды. Өрттерде балалардың қаза табу оқиғасы тіркелмеді.

Өрттердің, адамдардың жарақат алу оқиғасының көбі тұрғын үйде орын алған өрттерден болып табылады. Ағымдағы жылы тұрғын үйлерде 330 өрт оқиғасы орын алды. (2016 ж. 295 өрт орын алып 11,8 %-ға көбейген). Орын алған өрттердің негізгі себептері елді-мекендерде отқа немқұрайлы қарау (214 оқиға) және электржабдықтардың техникалық пайдалану және құрастыру ережелерін сақтамау (19 оқиға).

Өрттердің алдын алу және адамдар өліміне жол бермеу мақсатында 2017 жылы тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі бойынша 2 айлық өткізілді. Өткізілген айлық барысында 129 мыңнан астам тұрғынның қамтылуымен 66754 тұрғын үйлерге, саяжай алқаптарына шолу жүргізілді.  Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып өрт қауіпсіздігі ережелерімен талаптарын сақтауды түсіндіру мақсатында  тұрмысы нашар отбасылардың, белгілі тұрағы жоқ адамдардың болатын орындарына барлығы 329 рейд жүргізілді, сонымен қатар 15 мыңнан адамның қамтылуымен 309 жиын өткізілді.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 393 сөйлеулер ұйымдастырылды. Оның ішінде:                     теледидарда – 121, радио және дауыс зорайтқыш құралдар арқылы –185, басылымдарда – 218. Өртке қарсы тақырыптарда 8 мыңнан аса адамды қатыстыра отырып 760 дәрістер мен әңгімелесулер ұйымдастырылып өткізілді.

Облыстың білім беру орталығы базасында Орал қаласының және аудан мектептерінің оқушыларын қатыстыра отырып өрт орын алған кездегі балалардың дайындығын қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі тақырыбында 7 интерактивтік сабақ өткізілді.

Мекемелерде 97 өрт қауіпсіздігі бұрышы  орнатылды. Өрт сөндіру бөлімдерінде 838 оқушының қамтылуымен 42 экскурсия ұйымдастырылды.

Орал қаласының «Комуналды қызмет есебінің орталығы» ЖШС қызметкерлерімен бірлесе жалғыз басты тұрғындарға қайырымдылық ақциясы шеңберінде үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету ұйымдастырылды.

«Батыс Су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс Қуатресурысы» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ филиалымен және «Орал-КҚЕО» ЖШС-мен комуналды қызмет төлемдерінің артқы бетіне өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында ақпарттарды тарату бойынша мәселелер қарастырылды.

«УралТехСервис» ЖШС демеуімен қалалық маршруттың  3 автобусы өртке қарсы тақырыбындағы әлеуметтік жарнамамен жабдықталды. Әрбір қалалық жолаушылар және жол жиегіндегі жүргінші тұрғындар жүру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысуына мүмкіндік беретін маршруттардың жүру жолы қаланың 2 даңғылымен өтеді.

Сонымен қатар, коғамдық көліктерінде халыққа ұсынылатын 140 мың жол билеттерінің артына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ақпарат жариялау бойынша жұмыстар атқарылды.

Облыстың Орал қаласымен аудандарындағы әкімшілк ғимараттарда орналасқан LED-экрандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ақпараттардың таратылуы ұйымдасатырылды.

«Азов» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Орал Жан-Ойл» ЖШС, «Орал-Терминал» ЖШС жанар-жағармай құю станциялары, сонымен қатар «Сити центр» сауда үйі, «Сулпак» сауда үйі, «Клондайк» сауда үйілері арқылы  өрт қауіпсіздігі тақырптарында 7 мыңнан астам жадынама таратылды.

Ауданның ТЖБ ауылдардағы мәдениет үйлеріндегі және кинотеатрлардағы экрандардан  өртке қарсы тақырыптардағы бинероликтердің трансляциялануын ұйымдастыруда.

Департамент қызметкерлері өрттерді болдырмау мақсатында 1333 шаруашылық жүргізу объектісінің және мемлекеттік мекеменің өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізді (2016 ж.-1141) өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 16,8%-ға өсті, оның ішінде, ерекше тәртіп бойынша - 727 (2016 ж. – 687) 5,8%-ға өсті, жоспардан тыс - 606 (2016 ж. – 454), 33,4%-ға өсті . Меншік нысанының барлық объектілеріне тексеріс жүргізу барысында 5109  өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығы анықталды (2016 ж.- 4380)                    16,6 %-ға өсті.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке  701 тұлға тартылды (2016 ж. – 760)-7,7 %-ға кеміді.

Айыппұл ретінде жауапкершілікке тартылды 665 (2016 ж - 732) 9,1 %-ға кеміді, жалпы соммасы 28 млн. 454 мың 395 теңге (2016 ж. – 25 млн 324 мың 740 теңге) 12,3 %-ға өсті.

Әкімшілік жауапкершілікке өрттің себебін болдыруда кінәлі 54 тұлға тартылды (2016 ж - 64), 15,6%-ға кеміді, олардың ішінен 36 жеке тұлғаға ескерту жасалды (2016 ж. - 28) 28,5%-ға өсті. 18 ақшалай айыппұлдар салынды (2016 ж - 36) 50%-ға кеміді, 397 мың 075 теңгеге (2016 ж. –625 мың 695 теңге) 36,5%-ға кеміді.

БҚО ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі                                   Е. Турегелдиев

Нет записей