1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелері жарағына жаңа үлгідегі өрт сөндіру техникалары келді, атап айтқанда: «Камаз-43502» (Еуор-4) 4х4 дөңгелекті формуласымен «Мустанг» сериялы жоғары өтімділікті «HIROMAX» өрт сөндіру жүйесімен және ПНС-200 «Камаз-43118» шасси АЦ 3,0-40 өрт сөндіру автомобилі. Жоғары жедел жүктемеге байланысты жоғарыда көрсетілген техника Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №1 МӨСБ және №2 МӨСБ бекітілген. Техника жауынгерлік есепте тұр және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.

Осылайша пайдалану мерзімі ішінде 2015 жылы «Камаз-43502» шасси АЦ 3,0-40 жауынгерлік шығу-124 рет, оның ішінде өртке-45 рет, АҚЖ-3 рет, жануларға-76 рет жүзеге асты. 2016 жылдың 5 айында аталмыш автотехникада 19 жауынгерлік шығу жүзеге асты.Өрт-10 және жану-9 рет. 

ПНС-200 «Камаз-43118» шасси пайдалану мерзімі ішінде (2015 жылы) Атырау облысы Атырау қаласы және (2016 жылы) Қостанай облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында қолданылды (көктемгі мерзімдегі су тасқыны шараларына).

Деркөл ауылында орналасқан  «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі 6 өрт сөндіру бөлімі ғимаратына ағымдағы жөндеу және сметалық құжаттар есептеу бойынша жұмыстар жүргізілді.  Орал қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің терезе блоктарын ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілді. Орал қаласы №1 МӨСБ ғимараты жабынының ағымдағы жөндеуіне сметалық құжаттар дайындалды, қазіргі уақытта ағымдағы жөндеу жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу шарасы өтіп жатыр.

Бұдан бөлек Орал қаласы №1 МӨСБ орынжайларына ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттар дайындалды.

Жоғарыда баяндалған жұмыстар бойынша сметалық құжаттарды дйындау және өрт сөндіру бөлімдері ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу 20016 жылдың бірінші жарты жылдығынан бюджеттік қаржыны экономдаудан жүргізілді.Игеру 100 % құрады.

Нет записей