1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық нормалау

Ақпарат

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жұмысы атқарылуда.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңын іске асыру үшін «мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламетін әзірлеу жұмысын жүргізуде.

Әкімшілік кедергілерді және бизнеске қысымды одан әрі төмендету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлардың алдын алу мақсатында 2014 жылғы ақпанда ҚР СТ 615-1-2011 «Өрт қорғау құралдары және заттары. 1-Бөлім. Ағаш және оның негізінде жасалған материалдарға арналған өрт қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар», ҚР СТ 615-2-2011 «Өрт қорғау құралдары және заттары. 2-Бөлім. Болат құрылымдарға арналған өрт қорғау құралдары. Жалпы техникалық шарттар» ұлттық стандарттарына мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының оттан қорғауды өңдеу сапасын анықтау жөніндегі комиссия құрамынан алып тастауды көздейтін өзгерістердің жобалары әзірленді.

Сондай-ақ ҚР СТ 1492-2006 «Өрт сөндірушінің жоғары жылу әсерінен арнайы қорғану киімі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері» және ҚР СТ 1495-2006 «Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері» мемлекеттік стандарттарына өрт сөндірушінің жоғары жылу әсерінен арнайы қорғану киімі мен өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін шығаруға кәсіпорында өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның берген лицензиясының болуы туралы талаптарды алып тастауға қатысты өзгерістер әзірленді. Осы өзгерістерді енгізу өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді. 2014 жылғы 29 шілдеде аталған өзгерістер ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының № 168-од бұйрығымен бекітілді.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мынадай техникалық регламенттерді өңдеу жұмысы жүргізілуде:

1. Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар;

2. Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;

3. Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар;

4. Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар.

«2014 жылға арналған мемлекетітк стандарттау жұмыстарының жоспарына» сәйкес Қазақстан Республикасының мынадай 5 ұлттық стандартының жобасы әзірленіп, олар ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2014 жылғы 31 қазандағы № 223-од бұйрығымен бекітілді:

1. ҚР СТ «Өрт сөндіру техникасы. Автоматты газбен өрт сөндіру қондырғылары. Жалпы техникалық шарттар»:

2. ҚР СТ «Өрт сөндіру техникасы. Автоматты газбен өрт сөндіру қондырғылары. Өрт сөндіргіш заттар. Қабылдау ережелері және сынау әдістері»;

3. ҚР СТ «Өрт сөндіруге арналған көбіктүзгіштер. Жалпы техникалық шарттар»;

4. ҚР СТ «Өрт сөндіру техникасы. Тасымалды өрт сөндіргіштер. Жалпы техникалық шарттар».

5. ҚР СТ «Ғимараттардың және құрылыстардың түтінге қарсы желдету жүйелері. Қабылдау ережелері және сынау әдістері».

Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы 2010 жылғы 18 қарашадағы келісімге сәйкес «Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентінт әзірлеу жұмысы жүргізілуде, оның жауапты орындаушысы Ресей ТЖМ болып табылады.

Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің қызметін жетілдіру мақсатында 2013 жылдың қорытындысы бойынша «ҚР ТЖМ аумақтық органдарының құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысуын талдау», «Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін анықтау бойынша «ӨСжАҚ ҒЗИ» АҚ жүргізген сынақтарды талдау», «Әлеуметік саланың, адамдар жаппай жиналатын, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде және басқа да объектілерде автоматты өрт анықтау және сөндіру құралдарын енгізуді талдау» дайындалып, жағдайды тұрақтандыруға арналған практикалық шаралар пысықталды.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер» ҚР ҚН 1.01-01-2011, «Құрылысқа жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» ҚР ҚН 1.01-01-2011 және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер жобаларын дайындау жұмыстарын жүргізу тәртібі» ҚР ҚБҚ 1.01-01-2011 мемлекеттік нормативтердің міндетті талаптарынан ауытқушылықты және оны мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді алып тастау бөлігінде бастамашылық хаты дайындалып, оның негізінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы
№ 180-нқ бұйрығымен аталған нормативтерге тиісті өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру бөлігінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ТЖД қызметін бақылау мақсатында, жұмыс жоспарын орындау үшін Алматы қаласының, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметтік жұмысына техникалық қызметті, мемлекеттік өрт бақылау мен анықтауды ұйымдастыру бағытында, «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ заттар мен материалдардың, бұйымдардың өрт қауіптілігінің сертификаттық сынақ нәтижелерінің нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау, қызметті ұйымдастыру және сертификаттау сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасының жай-күйі мәселелері бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді.

Сондай-ақ 2014 жылғы мамыр айында Министрдің тапсырмасын орындау үшін мемлекетітк өрт бақылауды ұйымдастыру бағытында Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды.

 

 

Нет записей