1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Халыққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту

Өрт талдауы 2016 жылдың өткен кезеңі бойынша облыс аумағында 201 өрт орын алғанын, келтірілген материалдық шығынның 6 млн. 313 мың теңгені құрағанын көрсетті.

Көбінесе, өрттер отты абайсыз қолдану, электр жабдықтарын дәнекерлеу және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, пештерді салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алады.

Өрттер көбінесе тұрғын секторда, автокөліктерде, өндірістік объектілерде, орман және дала алқаптарында орын алады.

Міне, сондықтан өртпен күресудің өзі өртке қарсы насихат жұмысын және халыққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқытуды қоса алатын алдын алу іс-шараларын өткізу маңызды бағыты болып табылады.

Бұл ретте өрт қауіпсіздігі мәдениеті адамда өмір бойы қалыптасуы тиіс. Оған адамның отбасы, мектебі, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсене қатысуы тиіс.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан осы бағытта халыққа өрт қауіпсіздігі саласында ақпарат беру және оқытуға көп көңіл бөлінуде.

Осылайша, халыққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту мақсатында облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында, теледидарда бейнероликтер трансляцияланды, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі баспа басылымдарда өрт қауіпсіздігі тақырыбында 414 сөз сөйлеу мен мақала жарық көрді.

Оның ішінде: теледидарда 110 хабарлама (2015 ж. - 110), 2 % артты, радио бойынша 145 (2015 ж.–142) ақпарат беріліп, 2 %-ға артты, баспасөз беттерінде 159 (2015 ж.–158) мақала жарық көрді, 1 %-ға артты.

Сонымен қатар халықты ақпараттандыру және оларға өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту бойынша іс-шаралармен халықты қамту мақсатында жүйелі түрде тиісті іс-шаралар кешені өткізіледі. Осылайша, Департамент қызмет керлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өртке қарсы нұсқаулық өткізу мақсатында азаматтармен 170 жиналыс пен жиын, әлеуметтік қауіп-қатер тобы тұрғындарымен тұрғылықты орындарда 155 рейд өткізді. Азаматтармен профилактикалық әңгімелесу барысында өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, табиғатты қорғауға, жану орын алған жағдайда дереу өртке қарсы қызметіне телефон шалуға шақырады.

Сонымен қатар Департаменттің бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері 28492 жадынама таратты. Өртке қарсы тақырыпта 4 интерактивтік сабақ өткізілді, оған 1478 оқушы қатысты.

Департамент қызметкерлері өрттерді болдырмау мақсатында 639 шаруашылық жүргізу объектісінің және мемлекеттік мекеменің өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізді (2015 ж. - 429), өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда – 49 % өсті, оның ішінде, ерекшке тәртәп бойынша - 621 (2015ж. – 384), 62 % өсті, жоспардан тыс - 18 (2016 ж. – 45), 64 % кеміді. Меншік нысанының барлық объектілеріне тексеріс жүргізу барысында 3571 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығы анықталды (2015ж.- 2140), 67 % өсті.

 

Табиғи және дала өрттерін алдын алудың мақсаты

 

Ағымдағы жылдың мамыр айында дала және орман алқаптарын өртке қарсы қорғауда қажетті деңгейді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жасау бағытында төтенше жағдайлар бойынша комиссия отырысы өткізілді.

2016 жылғы өрт қаупі маусымында дала және орман өрттерін жою мен алдын алу бойынша жұмыс топтары қалыптастырылып, облыстық штаб құрылды. Орман және дала өрттерінің туындау жағдайларына күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарларына, сондай-ақ халықты ақпараттандыру және құлақтандыру, байланыс сызбасына түзетулер енгізілді.

Өрт сөндіру жауынгерлері штатымен мемлекеттік орман қоры аумағында өрттердің орын алуына жол бермеу мақсатында Орман өрт сөндіру стансалары (ОӨС) құрылды. Облыс бойынша 2016 жылы орман өрттерін шұғыл түрде анықтауға арналған маусымдық өрт сөндіру жауынгерлері штатымен жинақталған 8 орман өрт сөндіру стансалары қызмет жасайды. Жалпы есепте 9 бірлік өрт сөндіру көліктері, 155 байланыс құралдары, 36 бірлік трактор, 6 өрт байқау мінбелері, 255 орман аспалы субүркігіштері және өзгеде өртке қарсы жабдықтар бар.

Ағымдағы кезеңде жергілікті атқарушы органдар тарапынан соның үшеуі Бөрлі ауданы Успеновка, Ақсу, Киров ауылдарында, біреуі Теректі ауданы Аңқаты ауылында, сондай-ақ екеуі Зеленов ауданы Үлкен шаған және Егіндібұлақ ауылдарында 6 өрт сөндіру бекеттерін құру бағытында жұмыстар өткізілді. Осы өрт сөндіру бекеттері 25 шаршы метр радиусте жақын жатқан 22 елді мекендерге өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша жану мен табиғи өрттерді сөндіру мен алдын алу үшін күні бүгінде 2500 адам санымен 173 ерікті өртке қарсы құралымдар (бұдан әрі - ЕӨҚ) құрылды. ЕӨҚ жабдықталуында елді мекендерді қорғау бойынша: 94 су тасушы, 354 трактор, 325 өзгеде бейімделген техникалар, 1546 аспалы өрт сөндіргіштер, 131 мотопомпалар және 1633 өзгеде бастапқы көмек құралдары бар.

2016 жылғы өрт қаупі бар кезеңде жану мен табиғи өрттерді тиімді сөндіруде ЕӨҚ жауынгерлік дайындығы жай-күйін тексеру мақсатында Департаменттің аудандық ТЖБ-мен ағымдағы жылдың сәуірінде іргелес аудандармен ЕӨҚ-мен бірлескен өрт-тактикалық оқулары ұйымдастырылды және өткізілді:

Облыс әкімінің «БҚО мемлекеттік орман қоры аумағында жоғары өрт қаупін туғызудағы шектеулер туралы» 2008 жылғы 28 тамыздағы №222 қаулысы негізінде ормандағы аса өрт қаупі бар участкелерге халық пен автокөлік құралдарының кіруіне шектеу қою бойынша шаралар қабылданды. Орман алқаптарын жер үсті патрульдеу күшейтілді.

Ықтимал-қауіпті аумақтарда орналасқан шипажай мен лагерлер, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс орындары анықталды, сондай-ақ балалар лагерлері мен мектеп басшыларымен жиындар өткізілді. Әңгімелесу барысында өрт кезіндегі іс-қимылдар мен өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, сонымен қатар жадынамалар ұсынылды.

Халықтың көпшілік санын қамту мақсатында өртке қарсы тақырыпта үгіттеу бейнероликтерін, теледидар бағдарламаларын белсендірек көрсету мен жариялау бағытында «Қазақстан Орал» телеарнасымен шарт жасасу жоспарланды. Күні бүгінде осы телеарна бойынша роликтер мемлекеттік тапсырыс есебінен жариялануда.

Мемлекеттік өрт бақылау және орман шаруашылығы мамандары тарапынан халық арасында үгіттеу насихатына баса назар аударылуда, осы мақсатта облыс бұқаралық ақпарат құралдарында 28 мақала жарық көрді және теледидар бойынша 7 көрсетілім ұйымдастырылды, орманға шығарда өртке қарсы тақырыпта 273 аншлаг пен панно орналастырылды. Халық арасында мыңнан астам дана парақшалар таратылды, сондай-ақ дәрістер мен әңгімелесулер өткізілді. Облыстың елді мекендерінде 16 баннер дайындалып орналастырылды. Облыс мектептерінде «Балалардың тентектігі» тақырыбына 1 интерактивті сабақ өткізілді.

Елдімекен төңірегінде, өндірістік объектілерде, автокөлік және темір жол, электр желісін беру бойларына жалпы ұзындығы 2010 км қорғаныш минералданған жолақтарын құру ұйымдастырылды.

2016 жылғы өрт қаупі бар маусымда Қазақстан Республикасы аумағында дала және орман өрттерін жою мен алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда.

Нет записей