1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

БҚО- да өрт кауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасуда

07.10.2017

15 қыркүйек пен 15 казан аралығындағы кезеңде өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде Департамент және "Жедел-құтқару жасағы, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару" ММ қызметкерлері тұрмысы төмен отбасылардың тұрғылықты мекенжайларына барып, бірқатар арнайы рейдтік жұмыстар жүргізді.Тәжірибе көрсеткендей, осындай әлеуметтік топтарда өрттер жиі кездеседі.
Суық ауа райының басталуымен адамдар көбірек пештерді қыздырып, жылыту құралдарын қолдануға кіріседі.Дәл осы уақыттарда өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салуды қажет етеді.Өртке қарсы насихаттау ағымдағы жылыту маусымында жүйелі түрде жүргізіледі. Әсіресе көп балалы отбасылар мен қарт адамдар бірінші кезекте тәуекел тобына ұшырайды, сондықтан осы жандарға көп көңілбөлінеді. 
Өткен аптада жеке сектордың 3000-нан астам тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтау туралы жаднамалар ұсынылды. Рейд өткізу барысында мамандар жеке сектор тұрғындарына мұржаларды тексеріп, ескі жарамдылық мерзімі аяқталған пештерді жаңа құралдармен алмастыруға кеңес берді. Олар сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы өміріміздің аман қалуына септігін тигізетінін еске салды.

 Рейдтің мақсаты адамдарға өртпен абай болу, өрттен қорғаудың негізгі ережелерін еске түсіру және азаматтардың болуы мүмкін қауіп-қатерлерге назарларын аудару болды. Іс-шара аясында азаматтардың тұрғын үйлері тексеріліп газ, электр жабдықтары мен жылыту құрылғыларының жұмысына ерекше көңіл бөлінді, өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару қызметтерінің шүғыл нөмірлерімен таныстырып, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша жаднамалар табысталды, сондай-ақ өрт кезінде іс-әрекеттер туралы түсіндірілді.

Тұрғын үй секторындағы рейд барысында Департамент қызметкерлері өз үйінің қасында қоқыс өртеген азаматты байқады.Департамент мамандары бұл әрекетті бірден назарға алды, өйткені осы уақытта жел күшейіп, құрғақ шөптер мен отындардың жанып кетуіне қауіп төнетін  жағдай туындап тұрғандығын ескертті. Алау тез арада өшіріліп, ал құтқарушы қызметкерлер өрт қауіпсіздігі бойынша аталған азаматқа тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті осындай бірлескен рейдтер бекітілген кестеге сәйкес үнемі өткізілетінін атап өтті.Осы іс-шараларды жүргізу барысында аймақта өртке байланысты орын алған жедел жағдайлар азаматтардың назарына жеткізілді.

 

Н. Мұқанова

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы

Нет записей