1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Авариялық-құтқару құралымдарының Тараз қаласында төтенше жағдай туындаған аумаққа жіберуге дайындық бойынша оқу-жаттығу

13.10.2017

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Жер-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық және өткізу туралы 19 қыркүйек 2017 жылғы ұйымдастырушылық нұсқауына сай 2017 жылдың 12-13 қазан күндері Тараз қаласында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күші мен басқару органдарының Тараз қаласындағы жойқын жер сілкінісі салдарында орын алған ТЖ жоюға дайындығы бойынша оқу-жаттығуы өтуде. 

2017 жылдың 6 қазан күні оқу-жаттығуға қатысу, дайындалу үшін БҚО ТЖД қызметкерлерінен 18 адам және 4 бірлік техника мен БҚО ІІД 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы құрамында автокөлік құралының марш жасауымен жедел топ жолданды. 

Батыс Қазақстан облысы азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінен оқу-жаттығуға қатысу үшін Тараз қаласына 8 қызметтің өкілдері (өртке қарсы қызмет, қоғамдық тәртіпті күзету, медициналық қызмет, байланыс қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, инженерлік қызмет, транспорттық қызмет, сауда қызметі, сондай-ақ «Аумақтық қорғаныс қызметі» КГУ 2 адам жолданды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің Тараз қаласындағы «Жер-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық және өткізу бойынша 2017 жылғы 4 қазандағы ұйымдастырушылық нұсқауына сай №1 жедел топты (Тараз қаласы) облыс әкімінің орынбасары Б.О.Азбаев, ал № 2 жедел топты (Орал қаласы)  облыс әкімінің орынбасары И.В.Стексов  басқарады.

Оқу – жаттығудың ойластырылған пиғылы бойынша БҚО Жамбыл  облысы Байзақ ауданындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған төтенше жағдай салдарын жоюға қатысады. 

Тәжірибелік оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару құралымдарының төтенше жағдай туындаған аумаққа әуе көлігімен жіберуге дайындығы тексерілді.  Коланна құрамында күш-құралдардың «АкЖол» Халықаралық әуежайына  жылжуы мен техника мен жеке құрамның тиелу тәртібі мәселелері жетілдірілді.                                            

№ 2 жедел топтың басшысы  облыс әкімінің орынбасары Игорь Валерьевич Стексов  Батыс Қазақстан облысының авариялық-құтқару құралымдарының жеке құрамы мен техникасының Орал станциясының жүктеу алаңында темір жол көлігімен Жамбыл  облысы Байзақ ауданындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған төтенше жағдай салдарын жоюға дайындығын тексерді. 

Жойқын жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған төтенше жағдай салдарын жоюға Батыс Қазақстан облысынан 271 құралым мен 3783 адам және 612 бірілк техникасы  құрамымен күш-құралдар тобы жолданады.                                                        

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс бөлімі

Нет записей