1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жергілікті полиция қызметімен бірлесе кезекті рейд өткізді

11.10.2017

Күз-қыс жылыту кезеңі басталысмен, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Орал қаласы аумағындағы белгілі тұрғылықты орны жоқ тұлғалардың мекендейтін орындарын аралап, жеке тұрғын үй секторындағы тұрмыстағы өрттердің алдын алу жұмыстарын күшейтті.

Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрғындардың осал бөлігімен түсіндіру жұмысы бағытында алдын алу рейдін өткізді.

Жыл басталымен Орал қаласы аумағында 206 өрт тіркелді, оның ішінде 124 өрт тұрғын үй секторында болды. Өрт болған жерден қаза тапқан 5 адам және әр түрлі ауыр дәрежеде жарақат алған 10 адам анықталды.

Жыл сайын күз мезгілі басталымен тұрғын үй секторындағы өрттің саны көбейе түседі.

«Тәуекел тобына» түсетін осы бөліктің тұрғындары өрт нәтижесінде қаза болу қаупіне ұшырайтындардың қатарында. Олардың қатарында спирттік ішімдікке салынған аз қамтылған отбасылар,  баспанасыз тұлғалар жатады. Мұндай өрттің негізгі себебі - отты абайсыз пайдалану, соның ішінде өшірілмеген темекі тұқылы болып табылады.

Осындар тұрғындар санатына жылыту кезеңіндегі өрттің алдын алу бойынша жұмыстары күшейтіледі.

Рейд барысында мамандар аз қамтылған отбасыларға да кіріп-шықты. Мамандар өрттің негізгі себебін және қаза болу статистикасын келтіріп, алдын алу үн - парақтарын таратты. Коллекторлар, құдық және тұруға болмайтын үйлерді тексерді. Осы жерлердегі тұратын баспанасыздарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері Орал қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің уақытша қабылдау-таратуда тұратын тұлғалардың жеке куәлігін, құжаттарын тексеріп, тұрғылықты жері белгісіз тұлғалардың қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ және нұсқау өткізді. Барлығы 18 адам қамтылды.

Жеке сектордағы тұрғындарға қарағанда, баспанасыз адамдар көмек пен түсіндіру жұмыстарына мұқтаж, сондықтан осындай рейдтерді жылыту кезеңі бойы тағы өткізілетін болады. 

  

Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Ольга Протопопова

Нет записей