1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Колледж тыңдаушыларына сабақ өткізілді.

04.10.2017

Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МҚКК тыңдаушыларымен алдымыздағы өткен аптасында күз-қыс кезеңінде әр түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі өртті болдырмаудың ережесін және әрекетіне үйрету мақсатын көздеген  сабақ өткізді.

Мамандар күз-қыс кезеңіндегі қандай ерекшеліктер байқалатынын, барлық қауіптен қалай сақтанудың мән-жайын түсіндіріп берді.

Мамандар тыңдаушыларға коллеждің қабырғасында, үйде өртті болдырмау үшін өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндірген болатын. Жану туындаған кезде дұрыс әрекет ету ережесі бойынша, жанған өнімнен уланып қалмау, ғимараттағы өрттен қалай аман шығу жөнінде нұсқау өткізді.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға су қоймасындағы, жолдағы қауіпсіздігі туралы жүріс-тұрысы ережесін естеріне салды.

Дәріс барысында тыңдаушылар назарына қауіпсіздік шаралары туралы әр түрлі роликтер ұсынылды. 

Сонымен бірге, 4 - курс тыңдаушыларына азаматтық қорғау қызметінің Отанғы мінсіз қызметі және батырлығы, ерлігі туралы фильм мен ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының қызметі туралы ролик көрсетілді.

 

 

БҚО ТЖД Орал қаласының ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау подполковник

О.Протопопова

Нет записей