1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Батыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

06.10.2017

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері өрт сөндіруп қана қоймай, оның алдын алу ісімен де айналысады. Статистика бойынша жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторындағы және жеке үйлердегі өрттер мен жанулар саны көбейеді. Осы кезең өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық жұмысты күшейтеді. Өрттер мен адам қазасын болдырмау мақсатында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері тұрғын үйлерге профилактикалық рейдтер өткізеді.

Рейдтердің басты мақсаты - тұрғындарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықты болдырмауға және түсінушілік танытуға шақыру. Өрт сөндірушілер электр желілерін жүктеуге, электр құрылғыларын және газ қондырғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзуға жол бермеуді түсіндірді. Рейд барысында пешпен жылыту қолданылатын жеке үйлердің иелеріне ерекше көңіл бөлінді. Қатын отынды пештер өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан жанудың көзі болып табылады. Статистикаға сүйенсек, жанудың туындауына пештік жылытуды қолданудың қағидаларын бұзушылық себепті.

Үй иелеріне тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтаудың, оның ішінде отты қолдану, электр құрылғыларын қолдану, электр қондырғыларын монтажын және пешті орнату кезіндегі қағидаларды еске салды.

Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде «тәуекел тобы» деп аталатын алкогол ішуге құмар, көп балалы және жағдайы нашар отбасыларға, жалғыз басты кәрі азаматтарға және денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға жататын тұрғындарға басты назар аударылды. Рейд барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндіріліп, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылды.

Тұрғындар өрт профилактикасына оң көзбен қарап, өрт қауіпсіздігі қағидаларының нұсқауына белсене қатысты, көптеген азаматтар өрт қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қойып, оларға білікті жауаптар алды.

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңінде үгіт-насихат жұмысымен 5367 тұрғын үй, 17515 адам, таратылған жадынама саны 5818 құрады.

  

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Нет записей