1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

жылдың 9 айы қорытындыланды

18.10.2017

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні БҚО ТЖ департаментінің ғимаратында  генерал-майор Ж.Жұмашевтың төрағалығымен жедел кеңес өтті, кеңесте ағымдағы жылдың 9 айы ішіндегі жұмыс қорытындыланып, 2017 жылдың төртінші тоқсанына міндеттер қойылды.

Жиналыс барысында ТЖД бастығының орынбасарлары подполковник А.Ахметжанов, азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков, БҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы С.Каракулова және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы Ж.Мухамбеталиева өз баяндамаларын оқыды.

Отырыс барысында сөз алған А.Ахметжановағымдағы жылдың 9 айы ішінде облыста табиғи және техногенді 50 төтенше жағдай тіркелгенін атап, мұның нәтижесінде 32 адам зардап шегіп, 22 адам қаза тапқанын мәлімдеді.

- Сонымен қоса ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 479 адам құтқарылып, 1321 адам эвакуацияланды, 249 зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді,  - деді А.Ахметжанов.

Өз баяндамасында  Акылбек Косманович төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау бойынша іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, өткен есептік кезеңде  7 мыңнан аса жадынама таратылса, жастар ұйымын және ұжымдарын тартумен 4 флешмоб ұйымдастырылып, өткізілді. Ескерту түріндегі ақпараттар қоғамдық көліктердің  140 мың дана билеттеріне орналастырылды. Сондай-ақ өздігінен желімденетін 60 мың дана стикер азық-түлік өнімдеріне жапсырылды.

Өз кезегінде НұрланТаубеков жылу беру маусымы кезінде адамдардың жарақаттануы мен қаза болуының алдын алу бойынша ұйымдастырылған жұмыстар жөнінде баяндады.

- Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде БҚО ТЖД қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің күшімен 5648 тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарына аулалық аралау жұмыстары жүргізілді, барысында жылыту құрылғыларын, газ қондырғыларын, электр  жылытқыштарын іске келтіру бойынша түсіндірмелік жұмыстармен 12897 тұрғын қамтылып, 30 мың данадан аса жадынамалар мен ұсынымдар таратылды, - деді  Н.Таубеков.

Нурлан Сейдахановичтің сөзінше,  өткен есептік кезеңде  497 өрт тіркелген, нәтижесінде  9  адамның өмірі қиылды. Өрттің көп жағдайлары отты абайсыз пайдалану, электр қондырғылары мен пештерді пайдалану барысында ӨҚЕ бұзу салдарынан болып отыр.

Өткен кезеңде БҚО ТЖД бөлімшелеріндегі тәртіп пен заңдылықтың сақталуы бойынша атқарылған жұмыстар  жөнінде сөз алған  БҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімнің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С.Каракулова қазіргі таңда қызметкерлердің тәртіптік жүріс-тұрыстарының себептері мен шарттарын меңгеру бойынша шаралар, сонымен қоса орындаушылық тәртіпті жақсарту шаралары , – деді. Баяндамашылардың сөздерінен соң БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев анықталған кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар беріп, кеңеске қатысушылар алдында ағымдағы жылдың 4-тоқсанына нақты міндеттер қойды.

 

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Нет записей