1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Жылыту маусымына дайындық

03.10.2017

Өрт қауіпсіздігі айлығы мерзімінде жылу беру маусымы кезінде облыс аумағында Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы қызметкерлері пешті пайдаланатын тұрғын үйлерге рейд жүргізуде. 

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы қызметкерлері Көкшетау техникалық институтының 4-курс  курсанттарымен бірге тұрғын секторларға  профилактикалық  рейд өткізген болатын, сондай-ақ дауыс зорайтқыштың көмегімен қала халқын хабардар етті.  

Аталмыш профилактикалық рейдтер тұрғын секторларда өрттің алдын алуға бағытталған, оны біз жыл  сайын ұйымдастыруды әдетке айналдырдық. Күнделікті күйбең тіршілікте адам баласы істен шыққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылатын жылыту жүйесіне, электрлік жылыту пештеріне көп көңіл бөле бермейді. Ал бұзушылықты көрген мамандар үй иелеріне нұсқап, қандай зардаптарға әкелетінін түсіндіреді.  Мамандардың басты назар аударатын топтары – аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер.

Рейд өткізу барысында Департамент қызметкерлері  қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салып, оларды бұзған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жылыту пештері мен электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары туралы сұхбат жүргізіп, тиісті жадынамалар таратады.

Аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты – азаматтарды жазалау емес, керісінше тұрғын секторларда өрттің алдын алу болып табылады. Пешпен жылыту барысында өрттің алдын алудың басты шарты - оларды пайдалану кезінде өрттқауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз орындау болып саналады:

- пешті жылыту маусымына қарай алдын ала дайындап қою қажет, пеш пен түтіндіктің дұрыстығын тексеру, оларды жөндеу, күйеден тазалау, ойықтарды глина-құм ерітіндісімен жағып, төбедегі түтін құбырын ақтау қажет;

- от салынған пешті қараусыз қалдырмаңыз, оларды қарауға кішкентай балаларға тапсырмаңыз;

Балаларға ұдайы отпен ойнамау қажеттігін, оның қаншалықты өмірге қауіпті екендігін ұғындырып отырыңыз, оларға пайдалы демалыс ұйымдастырыңыз. Оларға тұрғын жылыту құралдарын қолдануға тыйым салыңыз, олардың қолы жететін жерлерден сіріңкені алып тастаңыз, балаларды еш уақытта қараусыз қалдырмаңыз;

- пешті жағуға еш уақытта бензинді, керосин, дизельді жанар-жағар майды және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз;  

- пешті көмірмен, кокспен, газбен, оған арналмаған затармен жақпаңыз;

- пеш алдындағы бетке жанар-жағар май, басқа да жанғыш сұйықтырқтар мен материалдарды қоймаңыздар;

- пеш үстінде киім кептірмеңіз;    

- жылыту пештері жанғыш құрлыстардан, белгіленген үлгідегі пеш алды беттен нормамен белгіленген өртке қарсы айырымдары болуы тиіс.

 

БҚО ТЖД ӨҚСБПҚБ

Нет записей