1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Улы газдан сақ болыңыз!

06.10.2017

Ауа-райының салқындауымен пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жазатайым оқиғалар саны артып, адам қазасы орын алады.

Осы оқиғалар негізінен аяздар басталысымен, сұйық және қатты отынмен пеш жағу көбейгенде және халық қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытып қалған жағдайда туындайды.

Ауада жанар май түрлерінің толық жанбауы әсерінен иісті газ пайда болады. Пеш түтіндігін мерзімімен бұрын жапқан жағдайда улану жиі болады. Жанбаған көмір көмірқышқылмен әрекеттеседі де улы газ шығарады.

Сонымен бірге, улы газбен уланудың өзге себептері болу мүмкін: пешпен жылыту ережелерін бұзу (пеш қалқанды уақтылы емес жабу, отын салу жеріне жеткіліксіз ауа келу, түтін тартымы шамалы), пеш және түтін шығу орынының жарамсыз жұмыс жасау (пештің құрылысында жарықшалар бар, түтін шығу орны жабық).

Улы газдың түсі мен иістің жоқтығы оны аса қауіпті етеді. Уланудың симптомдарын анықтау қиын, сондықтан дімкәстіктің себебі улы газ болып табылатынын сезбеуге де болады. Бір ғимаратта болған барлық адамдарда бірдей симптомдардың пайда болуы улы газбен улану уақытын белгілеуге мүмкіндік береді.  

Көміртек тотығының көп емес шоғырлану кезінде уыттылық әрекет ету мен уланудың алғашқы белгілері көріну мүмкін: жас ағу, бас ауруы және бас айналу, әлсіздік және жүрек айну, құрғақ жөтел, шатасқан сана, көру және есту елестері болу мүмкін. Улану симптомдарын сезгеннен кейін үйден жедел сыртқа шығу керек.

Улы газбен улану, қозғалтқышы істейтін автомобильде ұзақ уақыт болған кезде (шығару газының жиналуынан), өрт ошағында ұзақ уақыт болған кезде болу мүмкін.

Улы газбен улану симптомдары әртүрлі – бас ауру, самайда соққылар, жүрек айну, ұйқышылдық, аз уақытқа талып қалудан бастап сал ауруларға, естен тану, тыныс алу мен ми қан айналымның бұзылуымен бірге коматозды күйге дейін ұласады. Ауыр жағдайлар жүректің қызметін тоқтату мүмкін. Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жатқызу қажет.

Дәрігер келгенше науқасты таза ауаға шығару керек – бұл ауруханадан тыс барлық көмек көрсету түрі болып табылады. Кейін стационарда оттегіні ұзақ деммен қабылдау, аппаратпен жасанды  тыныс алу жүргізіледі; ағзаның зардап шеккен жүйелерінің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдары қолданылады.

 

Казталов ауданының ТЖБ-ң аға инженері

азаматтық қорғау  аға лейтенанты                                    Н.И.Сисенов

Нет записей