1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Менің міндетім - адамдардың өмірін құтқару!

11.10.2017

Құтқарушыны біздің уақыттың батыры деп атауға болады, ал уақыт бүгінгі күн өте тынымсыз өтеді. Біздер әр сағат сайын адамзат зардап шегетін табиғи апаттар, техногендік апаттар немесе жойқын террорлық шабуылдар туралы біліп жатамыз. Осындай оқиғаларда қас-қағым сәтте абыржыған, көмекке мұқтаж куәгерлерге жедел көмек көрсету талап етіледі. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, жағдайды дереу бағалап, кейіннен құрбандардың өмірін құтқару үшін жұмысты ұйымдастыруы тиіс - бұл эвакуация, қоқыстардан шығару, медициналық көмек көрсету, қауіптерді жою және көптеген тағы басқаларды атқарады. Барлық осы шараларды құтқарушылар «зардаптың жойылуы» деген жай ғана тіркеспен көрсетеді. Құтқарушылардың қиын жұмысы туралы талай мәрте жазылып та, айтылып та жүр. Бірақ шынымен де құтқарушының өмірі қанда және неге бұл мамандықты таңдады, - деген сұрақты БҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағының» құтқарушысы Сақауов Жігер Ержанұлынан білмекші болдық.

- Қайырлы күн Жігер! Көптеген адамдар құтқарушының жұмысына таңданыспен қарайды, ал адамдардың кейбірі қаншалықты қиын екендігі туралы ойланбайды да. Сізге келер болсақ, қалай құтқарушы болғаныңыз туралы толығырақ айтып берсеңіз, әрі бұл мамандықты не себепті таңдадыңыз?

- Қайырлы күн, Мен жедел-құтқару жасағына 2006 жылы келдім, сол кезде суда-құтқару қызметі болатын, балалық шағымнан адамдарға көмектессем деп армандайтынмын, арман жетегі адастырмады, мінекей құтқарушымын. Бәлкім, кім білген кинофильмдердегі батырлардың іс-әрекеті әсер еткен болар! Шынын айтқанда, адамдардың өмірін құтқару үшін жақсы физикалық әзірлікті талап етеді.

- Қалай дайындалдыңыз? Құтқарушы болғаннан соң қандай әзірліктен өттіңіз?

- Бала кезімнен физикалық әзірлікке, спортқа көп көңіл бөлдім. Құтқару жасағына жұмысқа орналасқаннан кейін кәсіби әзірлікті шыңдадым, біз күн сайын өмірдің барлық жағдайларына төзу үшін әзірліктен өтеміз, өмірде әр түрлі жағдайлар бар, ал құтқарушы бұл дәрігер де, құтқарушы да, альпинист және психолог. Әлбетте біз барлығына да дайын болуымыз қажет. Сонымен қоса біз жыл сайын «Казспас» жарысына қатысып жүрміз, бұл жерде Қазақстанның, өзге елдердің  түкпір-түкпірінен келген құтқарушылар бағын сынайды, шеберлігін шыңдайды. Біздің құрама үнемі жүлделі орындарға таласып келеді, алдын ала бұл жарысқа дайындық жүреді, шеберлігіміз одан сайын шыңдала түседі.   

- Біліктілікті арттыру курсынанан өтесіздер ме?

- Әрине, бұл міндетті түрде, мәселен мен сүңгуір-құтқарушы қызметі бойынша курстан өттім, Алматы қаласындағы тау мектебінде оқып келдім. Бұл жерде біз Абай, Локомотив шыңдарын бағындырдық.

- Құтқарушылар көзсіз батыр адамдар деп жатады, бұл қаншалықты шындық? Өзіңнің қорқынышыңды қалай жеңуге болады?

- Жоқ, біз барлығымыз адам баласымыз ғой, әрбіріміздің өз қорқынышымыз бар, бірақ оны көрсете бермейміз. Қорқыныш үрей туғызады, ал үрей болған жерде апат та, қайғы да орын алып жатады, сондықтан да құтқарушылар кәсіпқойлар, олар ешқашан да қорыққандарын білдірмейді, керісінше, жымия қарап, бәрі де ойдағыдай дей салады. Өзіңе деген, жетістігіңе деген сенімділік - біздің ұранымыз.

-  Сіз қазір қандай лауазымда қызмет атқарып жүрсіз? Мансабыңызды жоғарылатуға мүмкіндік бар ма?

- Осының алдында айтқанымдай мен қарапайым құтқарушы болып жұмыс бастадым, ал қазіргі таңда 4-құтқару бөлімшесінің басшысымын, менің қарамағымда 10 адам бар. Мансаптың өсуі әр жерде мүмкін, ең бастысы аянбай еңбек ету, алға қойған міндеттерді бұжытпай орындау қажет.

- Құтқару бөлімшесінің басшысының міндетіне нелер кіреді?  

- Бөлімшенің жұмысын үйлестіру, алға қойылған міндеттер  мен мақсаттарды түсіндіру, оны жинақы әрі дереу орындау қажет. Жас буынға көмектесу. Мәселен, менің қызмет атқарып жүрген кезімнен бастап жаңадан қызметке келген жастар қазіргі уақытта өз ісінің шеберлері, кәсіпқой мамандар болып қалыптасты, кейбірі 5-6 жыл жедел-құтқару жасағында еңбек етіп келеді. Өз басым барлығына да тең қараймын, бізде жас немесе қарт құтқарушы деген жоқ, тек қана тәжірибесіз құтқарушылар бар, олармен әлбетте біз қосымша жаттығулар өткіземіз, психологиялық тұрғыдан дайындалу қажеттігін түсіндіреміз. Одан қала берді мен тәлімгермін, қызмет атқарған кезімнен бастап 7 жас құтқарушыны дайындап, тәрбиеледім. Олардың әрқайсысы қазір өз ісінің кәсіби маманы. Бәріміз де басында тәжірибесіз болдық, білмегеніміз  көп еді. Ең бастысы біз әркез бір-бірімізге қол ұшын беруден аянбаймыз, себебі біздің өміріміз көп жағдайда достарымыздың қолында, біздер бір-біріміз үшін жауаптымыз. Сондықтан біздер бір-бірлерімізге толықтай сенеміз деп айта аламын. Біздер жай ғана әріптес емеспіз, біздер бір-біріміз үшін жақын достарға айналдық, жұмыстан тыс кезде де қолдан келгенше көмектесіп тұрамыз, отбасыларымызбен араласамыз.   

- Құтқару операцияларынан бөлек, қоғамдық өмірге де белсенді ат салысып жүрген жансыз, осы жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз?

- Иә, біз тек құтқарушы ғана емеспіз, сонымен қоса белсенді еріктілерміз, бізде бос уақыт бола қалған кезде бос отырмаймыз, мәселен сенбіліктерге қатысамыз, өз қолымызбен орталық оқу базасын гүлдендіреміз.  Толыққанды өмір сүру үшін теректер, гүлдер отырғызамыз, оларға қамқор болып күтеміз.   Себебі бұл біздің екінші үйіміз, әлбетте ол өмір мен демалу үшін қолайлы әрі жанға жақын болғаны жөн. Осы жылы психологиялық жүктеме бөлмесін жарақтандыруға жұмыстанудамыз.  Бұл жерде біздің азды-көпті уақытымыз өтеді.  Әр жыл сайын біздің бөлімше 1000-ға дейін шығуларда жүретінін, жүздеген құтқару операцияларын өткізетінін ескерсек, тынығып, демалу үшін де арнайы уақыт пен орын қажет.  Содан бөлек барлығымыз да спорттық іс-шараларға қатысамыз, спортпен айналысу – салауатты өмір салтының кепілі. Спорт біздің өмірімізде маңызды рөл ойнайды. 

- Ірі төтенше жағдайлардан, апаттардай кейін көптеген БАҚ батырларды бағдарламаларға шақырып жатады, Сіздер туралы радиода айтып жатады, жұлдыз ауруы жоқ па сіздерде? Таныстар, қарапайым тұрғындар танып жатады ма?   

- Жоқ, ешқандай жұлдыз ауруы деген жоқ, біздер расымен де радиода, телеарналарда  сөз сөйлеміз, алайда біз тек тұрғындарды қауіпсіздік шаралары мен қауіп туралы ескертеміз. Бірақ та мақтанып, тәкаппарланып кетпейміз, біз жай ғана өз міндетімізді атқарудамыз – бұл біздің борышымыз!

-  Сіздің өміріңіздегі ең есте қалған құтқару операциясы қандай?

-  Әр операция есте қалады, мәселен бір оқиға  менің әлі есімде:  2012 жылы біз «Евразия» балалар лагерінде болдық, сол кезде онда 80 бала демалуға келген еді, біздің міндетіміз су айдынын патрульдеу болды, бір сәтте 20-30 баланың суға түсіп жүргенін байқадым, қасқағым сәтте біреуі алысқа ұзап жүзіп кетті білем, бір кезде суға бата бастады, алайда ол не айқайлап, не көмекке шақырған жоқ, бәлкім қорқынышы мен үрейі басым түскен болар, мен сол кезде үстімдегі киіммен суға секіріп, құтқарып үлгердім, ал үрейі қашқан балалар маған жақындап келіп алғыстарын жаудырып жатты, мені көбі қаһарман деп ойлап қласа керек, алайда мен жай ғана өзімнің жұмысымды жасадым.

-  Сіздің жұмысыңызға отбасыңыз қандай көзқараста?

 - Түсіністікпен қарайды, біреулер үшін өмірімізді қатерге тігетінімізді терең түсінеді, бізді мақтан тұтады. Отбасым барлық жағдайда да қолдап отырады, ал балаларым мақтанудан жалықпайды. Ал мен болсам балаларым көмекке зәру адамдардан айналып өтпей, көмек қолдарын созатындарына сенімдімін!

-  Сөз соңында жас буынға, бәлкім жас құтқарушыларға қандай тілек тілейсіз?

- Елімнің барлық тұрғындарына денсаулық пен бақыт тілеймін! Елімізде бейбітшілік пен тыныштық орнай берсе екен деймін. Ал болашақ жастарға шыдамдылық пен аянбай еңбек етулерін тілеймін. Өмірде олсыз ештеңеге қол жеткізбейсің.

Сөзді қорытындылай келе, БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары салдарымен күресетін әр жағдай – өзінше экстремалды, бұл ғылым емес, бұл жерде ешқандай стандарт болуы мүмкін емес. Олардың қызметі күтпеген жағдайларға, қауіпті жайларға  толы. Сөзсіз ТЖ себебі адам баласы, оның қамсыздығы мен жауапсыздығы екендігін сеніммен айтуға болады. Ал Қазақстанның кұтқарушылары – тәуліктің қай кезі болмасын, қандай жағдай болмасын көмекке келетін мамандар. Көмек те дереу әрі жоғары кәсіби болары анық.

 

Автор:  Р. Машарипов БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы

Нет записей