1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Өрт сөндірушілердің ержүрек жұмысы балалар көзімен

10.10.2017

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде Құтқарушылар күніне арналған қызметкерлердің балалары арасында  «Өрт сөндірушілер балалар көзімен» атты сурет байқауы болып өтті. Байқау мақсаты - өрт сөндірушілердің ерлігі мен батылдығын насихаттау, өскелең ұрпақтың творчестволық қабілеттерін дамыту, балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық рухын тәрбиелеу.

Мерекенің салтанатты бөлімінде алғы сөзбен Қызмет бастығы азаматтық қорғау майоры Селимов Назарали Гаджимагомедович сөз сөйлеп, балаларға ұсынған жұмыстары, байқауға қатысқаны және қосқан күтері мен ықыластары үшін алғыс білдірді.

Қызметкерлердің балалары күнделікті өрт сөндірушілердің қайсар еңбегінің куәгері болып табылады. Сондықтан жас суретшілерді суретке салынған әкелері - өрт сөндірушілер біріктірді. Балалар суреттеріндегі өртке қарсы қызметтің көмекке ұмтылған автокөліктері, өртпен күресу, адамдарды құтқару сюжеттері -  өрт сөндірушілер өмірінен  бір сәттей болды. Суреттер балалар жан толғанысымен және жарқын бояулармен, өрт сөндіруші мамандығына деген байыпты қатынаспен салынған.

Байқау комиссиясына барлық суреттердің өте жақсы салынуына байланысты үздік суретті анықтау қиынға соқты. Осылайша, жеңімпздарды анықтау барысында тек қазылар алқасының пікірі ғана емес, сондай-ақ көрермендердің де пікірі есепке алынды. Бірінші орынды 7 жастағы Кайыржанова Нурайға, 2-орынды 5 жасар Кайыржанов Нурханға, үшінші орын 10 жасар Елькина Александраға беріліп, грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға алғыс хаттар мен жұбаныш жүлделері берілді. Қуанышты және риза болған балалар бұдан әрі байқауларға қатысуға ниет білдірді.

Іс-шара қызметкерлердің талантты балалары өнер көрсеткен мерекелік концертпен жалғасын тапты. Осыдан кейін балаларды тәтті дастархан мен Өрт-техникалық орталықтағы экскурсиямен жалғасты.

 

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Нет записей