1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Өрт сөндіру бөліміндегі ашық есік күні.

06.10.2017

Жастардың кәсіби бағдар алуы мен өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығының беделін көтеру және оң имиджін қалыптастыру, ҚР ІІМ ТЖК қатарына жаңа кадрлармен толықтырылуын насихаттау мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаментінің Бөрлі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен Өрт сөндіру қызметімен бірлескен ашық есік күні оздырылды.

Құтқарушылар аудандық мектеп оқушылары шақырылды. Балаларға арналған танымдық бағдарлама дайындалды. Өрт сөндіру қызметінің 8-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру бекетінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Ербол Кабаков оқушыларға өрттің шығу салдары, өрт кезіндегі іс-қимыл, сондай-ақ, өрт сөндіру көліктерінің тағайындалуы, қолда бар өрт-техникалық құрал-жабдықтар мен өртке шығу бойынша әңгімелеп берді.

Келушілер өрт сөндіру көлігіне қанша су сиятындығын және ол суқоры қаншалықты ұзақ уақытқа жеткілікті болуын қызыға тыңдады. Барлық қалаушылар өрт сөндіру көлігіне кіріп, суретке түсе алды. Балалар өрт сөндірушінің әскери киімінің ерекшеліктері туралы білді және құтқарушылар оны тез уақытта киюді  көрсетті. Жігіттер өрт сөндіру әскери киімін киіп көру мүмкіндігіне ие болды, олардың танғалуында шек болмады.

Әрі қарай, балалар өрт сөндіру бөлімінің қызметтік бөлмелеріне экскурсия жасады. Оқу классына тоқтап, онда Бөрлі ауданы ТЖБ инженері Алима Идалиева балаларға өрттерді мысалдарға ала, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес нұсқау берілді.  «Өрт кезінде не істеу керек?»-деген сұраққа, олар: «101 немесе 112 өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалу»керек деп ойланбастан жауап қайтарды. Қызметкерлердің арнайы сабақ пен журнал жүргізілетінің білгенде  оқушылар таң қалды. Үлкен қызығушылықпен жатын, асхана бөлмелерімен танысты.

Кетер алдында, ұлдар қызықты кездесу үшін құтқарушыларға алғысын білдіріп, болашақта тағы келетіндерін және осы мамандық туралы ата-аналары және достарына айтып беруге уәде берді.

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Бөрлі ауданы ТЖ бөлімінің инженері

азаматтық қорғау капитаны

А. Идалиева

Нет записей