1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Ашық есік күні

03.10.2017

2017 жылдың 29 қыркүйектегі ТЖ бөлімі жарияланған өрт қауіпсіздік айлығы шеңберінде жастарға кәсіби бағдар беру, ҚР ІІМ ТЖК қатарына жаңа кадрлардың келуіне жағдай жасауға, дұрыс имиджді қалыптастыру, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығының беделін арттыру мақсатында БҚО ТЖД Шыңғырлау аудандық «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №22 өрт сөндіру бөлімінде Л.Клышев атындағы Шиле орта жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Аталған шара барысында балаларға өрт сөндірушілер жұмысының тыныс - тіршілігі және де өрт сөндіру техникалары мен өрт сөндіруге қолданылатын құрал-жабдықтар түрлерімен жақын таныстырылды. Арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар практикалық түрде көрсетілді;

- «Дабыл бойынша жиналу және шығу» дабылы бойынша іс - әрекет;

- күш пен құралдарды өрістету арқылы автоцистернаны өрт гидрантына орнатып бір магистралды сызық бойынша екі РСК-50 оқпандарына су беру;

- жарақат алған адамдарды және өз өзін құтқару әдістері көрсетілді;

    

Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті                

Шыңғырлау ауданы ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Р.Шукаев

Нет записей