1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Тазалық – өркениеттіліктің белгісі!

10.10.2017

БҚО.Ағымдағы жылдың 6 қазан күні, яғни жұмада БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағында сенбілік ұйымдастырылған болатын. Экзюперидің аттас кітабының кішкентай ханзадасы: «Таңмен тұрған соң өз әлеміңді ретке келтір!» - деген еді. Осы айтылғандай жедел-құтқару жасағының ұжымы білек сыбына іске кірісті. Ала таңмен жедел-құтқару жасағының базасының әр аумағында жұмыс қайнап жатты. Басшы да құтқарушылармен бірлесіп өз аумақтарын тазалауға кірісіп кетті.

БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының басшысы Аскар Килишев:

-  Сенбілік деп аталатын бұл еңбек ұжымды жұмылдырып, біріктіруге көмегін тигізеді. Бүгін міне барлығымыз қолдарымызға күрек, тырнауыш, сыпырғыш алып, асқан ынтамен аумақты тазалаудамыз. Қараңыздаршы, барлығы қандай қызығушылықпен еңбектенуде! Себебі бұл тазалық, тәртіп, ұқыптылық. 

Осынау күні атқарылып жатқан жұмысқа мамыражай, шұғылалы ауа-райы да өзінің септігін тигізгендей болды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өз істерімен ұжымдық жұмыс барысында адам баласын қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен ұқыптылық қалыптасатынын үлгі етіп көрсетті.

Бұл шараның негізгі ерекшелігі – ұжымның әр мүшесінің белсенді ат салысуы. Сенбілік бұл – аумақты жинау ғана емес, әріптестеріңмен арқа-жарқа әңгімелесу, керемет көңіл-күй, позитивті эмоция.

 3- құтқару бөлімшесінің басшысы Беркалиев Марлен:

- Мен өзіме ыстық аумақты тазалауға өз үлесімді қосып жатқаныма өте қуаныштымын, себебі бұл жерде біз жұмыс жасап қана қоймаймыз, бұл біздің екінші үйіміз, сондықтан әр адам өзінің бір бөлшегін айналасын тазалауға арнаса екен деймін. Сондай-ақ мұндай шаралар бәрімізді жақындастырады.   

Сенбілік өте белсенді әрі қызықты өтті. Ал ұжым болса тағы бір мәрте өздерінің бір жанұя екендіктерін көрсете алды!

БҚО ТЖД

Жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі

Нет записей