1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Қауіпсіздік және балалар Зеленов ауданынды «Жас құтқарушылар» сайысы өткізілді

10.10.2017

Төтенше жағдайлар жүйесінің құрылған Күні мерекесінің қарсаңында және тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өту барысында Зеленов ауданының жалпы білім беретін Белес орта мектебінің базасында ерікті жас құтқарушылар арасында жарыс өткізілді. Өнерлерін салыстырып көруге ауданның 9 мектептерінен командалар келіп қатысты.

Жарыс келесі кезеңдер бойынша өткізілді:

1. Жәбірленушіні үйінді арасынан табу және бағыттану;

2. Өрт кезіндегі әскери қанат жаю;

3. Жәбірленуші адамды құтқару және ғимараттан арқанмен түсіру.

Төрешілік құрамын аудандық ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Т.Жакупов, аудандық білім беру бөлімінің маманы Б.Шахбергенов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Г.Ниязалиев құрады.

Жарыс басталар алдында 2016 жылы облыстық жас құтқарушылар слетінен бірінші орын алған Белес орта мектебінің командасы көрнекі көрініс  және жарыс барысында олар команда мүшелеріне нұсқамалар жасап тәжірибелік көмектер көрсетті.

Жарыстың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1-інші орын Володар ЖОББМ

2-нші орын Трекин ЖОББМ

3-інші орын Камен ЖОББМ

Жеңімпаздар құрмет қағаздары мен және сыйлықтармен марапатталды.

 «Ең белсенді қатысушы» номинациясы бойынша көзге түсіп көрінген: Стозуб Анастасия Ульянов ЖОББМ және Ситкалиев Алишер Переметный ЖББОМ 9 сынып оқушылары да марапатталды.

Үзілістердің аралығында және жарыс біткен соң балалар белсенді өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, көрермендер арасында әр-түрлі ТЖ алдын алу туралы насихаттау жұмыстарын жұргізді.

Өткізілген шара жастар арасында патриоттық сезім тәрбиелеу, кәсіби дайындықты және құтқарушы мамандығына қызығушулық білдіреді.

Сонымен қатар жоспарланған шаралар бойынша ауданның өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.

 

Зеленов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Батыс Қазақстан облысы

Нет записей