1402
Сенім телефоны
November - 2017
M T W T F S S
 
01
02
03
04 05
06
07
08
09
10
11 12
13
14
15
16
17
18 19
20
21
22 24 25 26
27 28 29 30  

Жұмашев Жасұлан Қыдырқожаұлы

Генерал-майор Жұмашев Жасұлан Қыдырқожаұлы1968 жылы 22 қаңтарда Орал облысы Тайпақ ауданы Калмыково кентінде туған.

Білімі жоғары әскери, 1990 жылы Кеңес Одағының Маршалы В.Д. Соколовский атындағы Новочеркасск жоғары әскери командалық Қызыл Тулы байланыс училищесін аяқтады, білімі бойынша  мамандығы «Командалық-тактикалық байланыс әскерлері». 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік бітірді, білімі бойынша мамандығы «Командалық-штабтық жедел тактикалық».

1986 жылғы тамыздан бастап әскери қызметте.

1990 жылдан бастап әртүрлі әскери лауазымдарда қызмет өткерді.

2004 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысының аппарат басшысы.

2005 жылғы наурыздан бастап – Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2008 жылғы наурыздан бастап - Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2011 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігініңАқпараттандыру және байланыс департаментінің директоры.

2012 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігініңАзаматтық қорғаныс департаментінің директоры.

2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштеріне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 20 жыл», мерейтойлық медальдарымен, «Астана», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдарымен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Ұландағы үздік қызметі үшін І,ІІ степени», «За отличие в службе» және І және ІІ дәрежелі «Қайсар», «За отличие в службе ВВ МВД РК ІІ», «Маршал Жуков», «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл», төс белгілермен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрлерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

2016 жылғы қыркүйек айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

Отбасы жағдайы: үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

  

Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы

Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы 1977 жылғы 30 наурызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының, Ақтасты ауылында дүниеге келген.

2016 жылғы ақпан айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқаруда. Ол 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2012 жылы – Ресейдің ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын аяқтаған.

Азаматтық қорғау жүйесінде 2000 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызмет атқару барысында ол түрлі кіші және аға басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

Подполковник А.Қ. Ахметжанов «Қазақстан Республикасының   Қарулы Күштеріне 20 жыл», ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медальдарымен және ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен және басқа да наградалармен марапатталған.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

 

Таубеков Нұрлан Сейдаханұлы

Таубеков Нұрлан Сейдаханұлы 1978 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы Луговой ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2000 жылы «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру» факультетінің «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
2005 жылдың 29 қарашасынан бастап, құқық қорғау органдарында қызмет етуде.
2015 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.
2015 жылдың тамыз айынан бастап Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
2016 жылдың маусым айынан бастап Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
«ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл және «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медальдарымен марапатталған.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

Нет записей